TrendСән

Күзгі тренчті қалай таңдау керек?

Бірнеше маусымнан бері сырт киім ретінде тренчтің ыңғайлы әрі сәнді екенін байқап келеміз. Тренч таңдар кезде не нәрсеге көңіл бөлген жөн?

Әрине, ең бірінші:

Ұзындығына (тізеден төмен болсын)

Пішіміне (ішінен жемпір, күрте, пиджак сыртынан кие алатындай кең болсын)

Материалына (ең дұрысы, тығыз матаны таңдаңыз)

Түсіне (қарадан гөрі қоңыр-сарғышын алсаңыз ұтасыз).

 

Мен сіздер үшін жаңа маусымның ең әдемі моделдерін іріктеп алып, ұсынуды жөн көрдім:

Zara

Пішімі кең тренч, 45 990 теңге

 

Түймелі ұзын тренч, 49 990 теңге

 

MANGO

Классикалық плащ, 45 990 теңге

 

Stradivarius

Тығыз матадан тігілген ұзын тренч, 22 990 теңге (сарғыш және қызғылт түстер)

 

TopTop

Классикалық аралас матадан тігілген мата, 85 000 теңге

 

Ұсынылған үлгілер арасынан өзіңізге керегін табасыз деген ойдамын. Ең бастысы, сауда жасауға барғанда өзіңіз барыңыз. Өзгенің кеңесіне жүгініп, өз қалауыңыз тыс қалып жүрмесін.